Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Байланыс телефоны: 43-89-19, 43-88-01

 
 
Главная » Новости » 14. 10. 2015

"Мәңгілік ел - мұратым"

2015 жылдың 22 қыркүйек күні Облыстық көрме залында  Қазақ хандығының 550 жылдық тақырыбына арналған бейнелеу өнері түрлерінен суретшілердің және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Мәңгілік ел – мұратым» атты фотосуретшілердің облыстық байқауы 3 номинация бойынша өтті. Байқауға барлығы 67 үміткер қатысты.

Марапаттау рәсімінде облысымызға бейнелеу өнері саласында өз еңбектерін сіңірген ардагерлер Владимир Матюшков Павлович пен Тоқбай Жантайбайұлы Көшербаевқа Облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев алғыс хаттармен марапаттап, иықтарына шапан жапты. Конкурсанттардың шеберлігін бағалау үшін білікті мамандардан сараптау комиссиясы құрылды.

 

 

 
 
 

Реклама:

Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
Пожаловаться на сайт